ХІХ жазғы Азия ойындары: Үш дзюдошымыз қола жүлдеге күреседі

Qaz365.kz редакциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен бүгін үш балуанымыз қола жүлдеге таласатын болды

Qaz365.kz коллажы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен бүгін үш балуанымыз қола жүлдеге таласатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

81 келіге дейін салмақта күрескен Абылайхан Жұманазар  жартылай финалда 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері тәжік Соман Махмадбековпен күресті. Бұл белдесуде тәжік спортшысы вазари әдісімен жеңді. Енді Абылайхан үшінші орынға таласады.

Абылайхан бұған дейін Бахрейн балуаны Аскерби Гербеков пен гонгонгтік спортшыны жеңген болатын.

Сонымен қатар 73 келідегі Данияр Шамшаев пен 63 келідегі Эсмигуль Куюлова да қола жүлде үшін күреседі.

Екі спортшыда ширек финалда сүрінген. Сосын жұбаныш белдесудерде жеңіске жетті. Кюлова Киоми Ватанабені (Филиппин) 13 секундта иппонға түсірді. Шамшаев та қырғыз Шыңғысхан Сағыналиевты таза ұтты.

Sport Qory және “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қорының қолдауымен.