Қазақ еліне алтын сыйлағым келген: Азияданың қола жүлдегері Абылайхан Жұбаназар тәжік палуанына қалай есе жібергенін айтты

Qaz365.kz редакциясы

Спортшы жеңістің дәмі әлі сезіліп жатқан жоқ дейді

Сали Сабыров

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 81 келіде қола жүлде алған Абылайхан Жұбаназар тәжік палуанына қалай есе жібергенін айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz

"Әлі сезіліп жатқан жоқ. Өйткені қазақ еліне алтын сыйлаймын деген өте үлкен сенімім болды. Үшінші орынға да шүкір, әрине. Жеребеде барлығы жақсы түскен, барлығы шығып, ұтып жүрген балуандарым. Жартылай финалдағы тәжік балуанын білемін, бірақ кездеспегенбіз. Кеше елімізде, Астанада өткен жарыста гран-при ұтып алған балуан. Өте ыңғайсыз балуан", - дейді Абылайхан. 

Олимпиадалық рейтинг бойынша 22 палуанның ішінде оныншы тұрған Абылайхан "демалатын уақыт жоқ, дайындалу керек, рейтингтегі орынды жоғарылату керек" екенін айтады.