Сенсация. Қазақ балуан Токио Олимпиадасының чемпионын жеңді

Qaz365.kz редакциясы

Енді финал жолдамасын 2022 жылғы әлем чемпионы, өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевпен сарапқа салады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында дзюдо күресінен 100 келіге дейін салмақта күресіп жатқан Нұрлыхан Шархан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Нұрлыхан ширек финалда Токио Олимпиадасының чемпионы, 2017 жылғы әлем чемпионы, жапон Аорон Вольфты жеңді. Бұл көп күтпеген сенсацияның бірі болды. Оның алдындс  Бахрейн атынан өнер көрсетін экс-ресейлік Зелимхан Таус Якуб Башаевты қапы қалдырды.

Енді финал жолдамасын 2022 жылғы әлем чемпионы, өзбек балуаны Музаффарбек Туробоевпен сарапқа салады.
 Сонымен қатар, Ғалымжан Қырықбай (+100 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола жүлде үшін таласатын болды. Ал Камила Берліқаш (+78 келі) пен Аруна Жангельдина (78 келі)  ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуге шығады.