Боксшы Олимпиада лицензиясынан қағылды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов қола жүлдемен шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда әлем чемпионы, жапониялық Севон Окадзавамен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте қазақ боксшысы екі раунд алда тұрған. Бірақ үшінші раундта төрешілер жеңісті жапонға берді. Сөйтіп, жеңіс Окадзаваға бұйырды.
Осылай Шымбергенов қола жүлдемен шектелді. Олимпиада лицензиясынан қағылды.
Бұған дейін Асыланбек мамыр айында Ташкентте 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбек боксшысы Асахуджа Муйнхуджаевты нокуаутпен жеңген еді.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.