Қазақ балуаны Азия ойындарының финалына шықты

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін Азия ойындарында грек-рим күресінен жарыстар басталды

Тұрар Қазанғапов

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Азия ойындарында грек-рим күресінен жарыстар басталды.  67 келідегі Мейіржан Шермаханбет алдымен Таиланд, сосын Қытай балуанынын жеңді. Ал жартылай финалда Ираннан келген Саед Сохрабимен белдесті.


Отандасымыз 2:9 есебімен жеңіліп жатып, қарсыласының қос жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіп кетті.
Енді финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кездеседі.

Одан бөлек, Айдос Сұлтанғали (60 келі) мен Азат Садықов (77 келі), Мақсат Сайлау (87 келі) қола жүлдеге күреседі.

Финалдық бәсекелер Астана уақытымен сағат 15.00-де басталады.

Жарыстың бірінші күніндегі финалдық белдесулер:

60 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін белдесу: Айдос Сұлтанғали – Ри Се-унг (Солтүстік Корея);

67 келіге дейін салмақта финалдық белдесу: Мейіржан Шермаханбет – Кацуаки Ендо (Жапония);

77 келіге дейін салмақта қола жүлде үшін белдесу: Азат Садықов – Кео Сопхак (Комбоджа);

87 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесу: Мақсат Сайлау – Суми Масото (Жапония).

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.