Велоспорттан Қазақстан тағы бір алтын, бір күміс еншіледі

Qaz365.kz редакциясы

Бүгін велошабандоздар 207.7 шақырымға топтық жарыс бойынша сынға түскен

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста бір алтын, бір күміс медаль бұйырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін велошабандоздар 207.7 шақырымға топтық жарыс бойынша сынға түскен. Қазақстанға үш жүлденің үшеуін де алуға мүмкіндік болған. Тек Дмитрий Груздевке аздаған сәттілік жетіспеді.

Сөйтіп, алтын 23 жатағы Талдықорған қаласының тумасы Евгений Федоровқа бұйырды. Ол ел қоржынына алтыншы алтын медальді салды

Мәреге екінші болып, Қазақстан құрамасының үздігі Алексей Луценко келді. Ол жас жұлдыз Федоровқа жолды өзі берді.

Бұл Алексей Луценконың биылғы Азиадада еншілеген екінші жүлдесі. Осыдан екі күн бұрын отандасымыз жекелей есеп сайысында тұғыр биігіне көтерілген еді.

Жалпы, Луценко Инчхон мен Джакартадағы ойындарында да алтын жүлде алған.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.