Қазақстанның Азия ойындарындағы сегізінші алтынын каратэ шебері жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Каратэден 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов жеңіске жетті

Нұрғали Жұмағазы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында каратэ спортынан алғашқы алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Каратэден 75 келі салмақта Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов жеңіске жетті. Ол финалда Хасан Масарвехті (Иордания) 8:0 есебімен ойсырата ұтты.

Оған дейін отандасымыз жартылай финалда малайзиялық спортшыны 4:3 есебімен, ширек финалда Махаммед Шекху Аламды (Непал) 5:0 есебімен , 1/8 финалда қырғыз спортшысы Назым Нұрлановты 3:1 есебімен  жеңген.

Бұл – Қазақсттаның сегізінші алтыны. Осының алдында  велоспорттан Евгений Федеров және джиу-джитсудан  Нұржан Батырбеков топ жарған.