Жәмила Бақбергенова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Qaz365.kz редакциясы

Финалда Жәмилә қырғыз мықтысы, екі дүркін әлем біріншілігінің жүлдегені Айпері Медетқызымен белдесті

t.me/olympickz

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Жәмилә Бақбергенова күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Азия ойындарында жаңа салмақта, яғни 76 келіде күресті. Финалда Жәмилә қырғыз мықтысы, екі дүркін әлем біріншілігінің жүлдегені Айпері Медетқызымен белдесті. Тартысты өткен бәсекеде күміс жүлдені қанағат қылды. 

Бұған дейін отандасымыз жартылай финалда үндістандық Киран есімді спортшыдан басым түскен.
Оның алдында алғашқы белдесуінде Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Светлана Окназарованы, ширек финалда моңғолиялық Ариунджаргал Ганбатты еш қиындықсыз таза жыққан болатын. 

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.