Тимофей Скатов Лиссабондағы теннис турнирінің 1/4 финалына шықты

Qaz365.kz редакциясы

Келесі айналымда қазақстандық спортшы Франциядан келген Бенуа Пэрмен ойнайды

olimpic.kz

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалияның Лиссабон қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің екінші раунтында Скатов Италиядан келген Франческо Пассароға қарсы ойнады. Матч Тимофей Скатовтың пайдасына шешілді. Үш сэт нәтижесі бойынша есеп ‒ 6:1, 5:7, 6:1. 

Тимофей Скатов кәсіби мансабында жеткізген ең жоғары нәтижесі  2018 жылдың 1 қаңтарында шыққан ATF жасөспірімдер арасындағы жиынтық рейтингінде көш бастаған. 22 жастағы Скатов өзінің туған елі Қазақстанның атынан шығу үшін 2018 жылдың мамыр айында азаматтығын өзгерткен болатын.