Мәселе бірінші таймда шешілді
Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында чемпион анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Премьер-лиганың 25-турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Мәселе бірінші таймда шешілді. Алаң иелері 27 минуттың ішінде үш гол соқты.
Қонақтар үзілістен кейін бір доппен жауап берді. Содан кейін ойында өзгеріс болған жоқ. Қорытынды есеп – 3:1.
Осылайша, премьер-лиганың аяқталуына бір тур қалғанда, Шымкент командасы тарихта алғаш рет чемпион атанып отыр. Олар екінші орындағы «Астанадан» алты ұпайға ұзап шықты.
«Ордабасы» (Шымкент) – «Шахтер» (Қарағанды) – 3:1. Голдар: Жақсылықов, 4 (1:0). Умаров, 12 (2:0).Беседин, 27 (3:0). Чогадзе, 46 (3:1).