Рыбакина WTA финалында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Qaz365.kz редакциясы

Топтағы екінші ойында Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен (9-орын) кездесті

championat.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласында (Мексика) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Топтағы екінші ойында Рыбакина грекиялық Мария Саккаримен (9-орын) кездесті. Кездесу үш сетте – 6:0, 6:7 (4), 7:6 (2) есебімен қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды. Елена Рыбакина үшін бұл тарихи жеңіс болды. Өйткені ол бұған дейін финалдық турнирлерге мүлде қатыспаған.

Еске сала кетейік, Рыбакина Канкунда өткен WTA финалдық турниріндегі алғашқы бәсекесінде әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуладан жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ топта Елена әлемнің бірінші ракеткасы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен ойнауы керек. Егер оны жеңсе, жартылай финалға жолдама алады.