Ұлттық құраманың ең үздік сұрмергені Зайнутдинов мұрнын сындырды

Qaz365.kz редакциясы

Orta Çizgi басылымының жазуынша, Зайнутдинов ауруханаға жатқызылған

Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов мұрнын сындырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Түркия чемпионатының 12-турында «Башакшехир» командасының ойыншысымен қақтығысып қалды. Кездесудің 36-минутында 
Джерома Опоку шынтағымен ұрып қалып, отандасымыз мұрнын сындырды. Сөйтіп, 41-минутта алаңнан кетті.

Orta Çizgi басылымының жазуынша, Зайнутдинов ауруханаға жатқызылған.

Айта кетейік, алда Қазақстан ұлттық құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі маңызды матчы бар. Алдымен 17 қарашада Астанада Сан-Мариноны қабылдаса, 21 қарашада Словенияға қонаққа барады.

Бактиер Зайнутдинов жақында ұлттық құраманың ең үздік сұрмергені атанған.