ҚФФ президенті жаттықтырушы мен федерация арасындағы келісімшарт жайлы айтты
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов бас бапкер Магомед Адиевтың Қазақстан құрамасындағы болашағы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Біз негізі Магомед Адиевпен келісімшартты 2026 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу циклы аяқталғанша жасасқанбыз. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Жұмысты осы бағытта жалғастырамыз», – деді Әділет Барменқұлов.
Ресейлік маманмен келісімшарт былтыр 2024 жылдың соңына дейін ұзартылған. Бұл жайлы федерацияның ресми сайты да хабарлаған еді.
Бұған дейін бас бапкер егер кету керек болса, орнын босатуға дайын екенін айтты. Егер қал деп жатса, соңғы сөзімді әлі айтқан жоқпын, нәтижеге жетемін дегендей қылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Словения футболшыларымен кездесіп, аса тартысты өткен ойында қарсыластарына 1:2 есебімен жол берді. Құрама сапындағы жалғыз голды Словенияның «Копер» клубында ойнайтын Рамазан Оразов соқты.
Ұлттық құраманың Еуропа біріншілігіне өтуге әлі де мүмкіндігі бар. 2024 жылғы наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Қарсылас – Грекия құрамасы.