Қазақстан гимні қосылмады: Хоккейшілер әлем чемпионатында әнұранды жанды дауыста шырқады

Qaz365.kz редакциясы

Хоккейшілер әлем чемпионатында әнұранды жанды дауыста шырқады

Видеодан скриншот

Осы күндері Венгрия астанасы Будапешт қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасында IA дивизионы бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кеше Қазақстан Данияны жеңген. Осы ойында жеңімпаз команданың әнұраны қойылмай қалды. Дегенмен, біздің жігіттер а капелла айтып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сөйтіп, Сергей Старыгин шәкірттері тығырықтан жол тауып кетті. Қазақстан хоккейшілері матч басында екі рет ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп 3:2.

Бұған дейін Венгриядан 5:2 есебімен басым түскен. Енді олар 13 желтоқсанда Франциямен ойнайды.

Жалпы, бұл элиталық емес, IA дивизионындағы әлем чемпионаты. Қазақстанмен бірге Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамалары элиталық раундқа өтетін жолдаманы сарапқа салып жатыр.