Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Qaz365.kz редакциясы

Жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді

Фото: ktf.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Брисбен турнирінде жеңіске жеткен Елена Рыбакинаға жылы лебізін жолдады. Бұл жайында Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Австралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. 

Осылайша Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы мәртебесін қайтарып алды.