Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының қанша табыс тапқаны белгілі болды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстан құрамасы кепілдік берілген төлемді  екі есеге ұлғайтып алған

Egemen.kz

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсетіп, тобында бірінші орынға ие болды. Осы орайда ұлттық команданың жоғарғы нәтиже үшін қанша табыс тапқаны анықталып отыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Sports.kz сайтының мәліметіне сүйеніп.

Спорт порталының ұсынған ақпаратына сәйкес, Ұлттар лигасына қатысқаны үшін Қазақстан ұлттық құрамасы С дивизионының басқа командалары секілді 1,125 млн еуро кепілдік берілген төлемді алған. Бұл қаржының қорытынды нәтижеге байланысты емес екені анықталды. Топтың жеңімпазы бола отырып, Қазақстан құрамасы бұл соманы екі есеге ұлғайтып, нәтижесінде 2,25 миллион еуро табыс тапты.

Ұлттық команда С лигасының үшінші тобында 13 ұпай жинап, бірінші орынға ие болды. Осылайша, Қазақстан В лигасына жолдама және 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысу үшін плей-офф кезеңіне мүмкіндік алды.