Қазақ балуаны Парижде қола медаль жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Париждегі Grand Slam жарысына 107 елден 621 дзюдошы қатысты

Фото: IJF

Франция астанасы Париж қаласында дзюдо күресінен әлемдік Grand Slam жарысы аяқталды. Қазақстан бұл сында тек жалғыз қоламен шектелді. Оны 100 келідегі Нұрлыхан Шархан жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға шықты.

Бірақ бұл тұста оны екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвили күтіп тұрған. Атақты қарсыласына жерелесіміздің шамасы жетпеді. Сөйтіп, Нұрлыхан қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетерлігі, Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысына әлемнің 107 елінен 621 дзюдошы қатысты. Жарыс жеңімпазына әлемдік рейтингте 100 ұпай, ІІ орынға – 700, ал ІІІ орынға 500 ұпайдан қосылады.

Нұрлыхан Шарханға Олимпиада ойындарындағы рейтингіне 500 ұпай қосылады.
Ал  жарыстың үш күнінде күрескен қазақстандық 14 балуанның тек 4-і ғана ширек финалға дейін жете алды. Әлемдік деңгейде жүлде алып жүрген Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаевтар бұл жолы алғашқы айналымдардан сүрінді.