Қазақстандық биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков Лейк-Плэсидте өтіп жатқан қысқы Универсиадада 10 шақырымдық спринт жарысында алтын медаль алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Америкалық биатлоншы Бьорн Уэстервелт күміс жүлдегер атанды. Үшінші орын тағы бір қазақстандық спортшв Александр Мухинге бұйырды.
Биатлон. Универсиада. Лейк-Плэсид. Ерлер. Спринт. 10 км.
1. Бекентай Тұрлыбеков (Қазақстан) — 27:51.5 (0+0)
2. Бьорн Уэстервелт (АҚШ) — +8.3 (1+1)
3. Александр Мухин (Қазақстан) — +22.2 (0+2)
4. Кирилл Бауэр (Қазақстан) - +39.3 (1+0)
5. Вадим Куралес (Қазақстан) - +43.7 (1+1)