IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан қоржынында екі алтын

Qaz365.kz редакциясы

Екі алтын көкпар мен қазақша күрес ойындарынан

qazsport.qaztrkkz

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық спортшылар екі «алтын» жеңіп алды, деп хабарлайды qaz365.kz «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар жарыстың екі түрінен бірінші болды.  Ұлттық құраманың алғашқы алтынын қазақша күрестен 60 келі салмақта балуан Марат Нығматуллаев әкелді.  Ақтық жекпе-жекте ол моңғол балуанын 2 минутта жауырынын жерге тигізді. Төрешілер қазақ балуанына бірауыздан айқын басымдылық жеңісін берді.

Ел қоржынына екінші «алтынды» көкпаршылар әкелді.  Финалда олар Қырғызстан құрамасын 4:3 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник ​​қаласында өтіп жатыр.  Садақ ату, жамба ату, қазақша күрес, көкпар және көкбөрүден 102 елдің спортшылары бақ сынауда, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.