17 жастағы қазақстандық таеквондошы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Qaz365.kz редакциясы

Ол өзінің алғаш Олимпиадасына жолдама алды

Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) 2:0 есебімен ұтқан еді. Ал жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабруктен басым түсіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің алғаш Олимпиадасына жолдама алды. Батырхан – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

Олимпиада жолдамасы сарапқа салынып жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен келген 96 таеквондошы қатысып жатыр.