Тағыберген мен Айымбетов қосалқы құрамда. Қазақстан Грекиямен ойнауға дайын

Qaz365.kz редакциясы

Бұл ойынды мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев Астанадан тікелей эфирден тамшалайды

ҚФФ

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы плей-офф сатысында Грекиямен кездеседі. Бұл ойын Афиныдағы «Айя-София» стадионында өтеді. Матчқа қатысатын екі команданың құрамы анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Грекия: Одиссей Влаходимос (Қ) – Джордж Болдок, Пантелис Хацидиакос, Константинос Мавропанос, Костас Цимикас – Анастасио Бакасетас, Димитриос Курбелис, Петрос Мандалос – Георгиос Масурас, Димитриос Пелкас, Фотис Иоаннидис;
Резерв: Александрос Пасхалакис (Қ), Сократис Диудис (Қ) – Панайотис Ретсос, Георгиос Цавелас, Лазарос Рота – Андреас Бухалакис, Манолис Сиопис, Анастасиос Хацигиованис, Яннис Константелиас, Христос Цолис – Гиоргос Якумакис, Вангелис Павлидис;
Бас бапкер: Густаво Пойет.

Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ) – Ян Вороговский, Темірлан Ерланов, Александр Марочкин, Марат Быстров, Бағдат Қайыров – Абзал Бейсебеков (К), Бактиер Зайнутдинов, Ислам Чесноков, Эльхан Астанов – Максим Самородов;
Резерв: Данил Устименко (Қ), Бекхан Шайзада (Қ) – Роман Асранкулов, Сергей Малый, Руслан Валилуллин, Еркін Тапалов – Исламбек Қуат, Әділет Садыбеков, Асхат Тағыбернен, Рамазан Оразов, Александр Зуев – Абат Айымбетов.
Бас бапкер: Магомед Адиев.

Бұл ойынды мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев Астанадан тікелей эфирден тамшалайды. Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболшыларға стадионнан қолдау көрсетпек.

Аталмыш ойынға Нидерланды төрешісі Данни Маккели қазылық етеді.

Айта кетейік, Грекия-Қазақстан матчын тікелей трансляцияны Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Матч Афинада 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні өтеді. Астана уақытымен 00:35-те басталады.