Төрешілердің шешімі екіге жарылды
Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі басталды. Ел үміт артқан аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ширек финалдан бастаған. Алайда ол Ресей боксшысы Рамазан Карнукаевтан жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі екіге жарылып, 3:2 есебімен Карнукаев келесі кезеңге өтті.
Ресейлік боксшы енді Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалоловпен кездеседі. Егер Қамшыбек жеңгенде Баходирмен 10-шы мәрте жолығар еді.
Айта кетейік, Қоңқабаев биыл Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.
Еске салып өтсек, халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түсіп жатыр. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.