Алматыда атақты «Атлетико Мадрид» клубының академиясы ашылады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы министр айтты

Фото: ашық дереккөзден

Фернандо Торрес, Давид де Хеа, Альваро Мората сияқты жұлдыздарды тәрбиелеп шығарған Мадридтің «Атлетико» клубы Алматыда өз академиясын ашпақшы, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Liter.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Алматыда «Қайрат» футбол клубының академиясы бар. Осындай академияны еліміздің барлық өңірлерінде ашамыз. Бір қуанышты хабарды айта кетейін. Жақын арада Алматыда «Атлетико Мадрид» академиясы ашылады. Бұл – Испаниядағы жетекші клубтардың бірі. Келіссөздерді аяқтап қалдық», - дейді министр.

Айта кетейік, «Атлетико Мадрид» - Испаниядағы ең атақты клубтардың бірі. Ол Испанияның 11  дүркін чемпионы, Испания кубогының 10 дүркін жеңімпазы, 2009/10, 2011/12 және 2017/18 маусымдарында УЕФА Еуропа лигасында топ жарған. Чемпиондар лигасының финалында ойнаған.