Ол 72 келіде сынға түскен
Күрес түрлерінен Иорданияда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Мерей Мәулітханов чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Одан бөлек, Диас Әскербай (67 келі), Расул Жүніс (77 келі) және Әмір Төлебаев (82 келі) финалда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.
Бақдәулет Азамат (97 келі) пен Асылбек Жәнібекұлының (130 келі) еншісінде қола медаль бар.