Бір күнде Түркияда қаһарман атанған футболшы енді жазаланбақшы

Qaz365.kz редакциясы

Енді Түркия 6 шілде күні Нидерланд құрамасымен ширек финалда кездесуі мүмкін

Фото: Ebrahim Noroozi/AP Photo/picture alliance

Футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Түркия Австрияны жеңді. Матчтағы екі голды да қорғаушы Мерих Демираль соқты. Бір түнде қаһарман атанған футболшы енді жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені футболшы голын тойлау кезінде «Bozkurt», яғни «Көк бөрі» тобының ишарасын көрсеткен. Түркияда аталған топты Ұлтшылдар қозғалысы партиясы қолдайды. Ал Австрия бұл белгіні 2019 жылы лаңкестік ұйымдардың символы деп таныған. Айтпақшы, кездесу алдында австриялық жанкүйерлер «Германия – немістердікі, шетелдіктер кетіңдер» деп әндеткен.  

Бірақ Германияда бұл топтың өзіне де, оның белгісіне де тыйым жоқ. Демиральдің өзі бұл әрекетімен ешкімді кемсіткісі келмегенін, тек түркі жұртының мәртебесін асқақтатуды көздегенін айтты. 

Енді Түркия 6 шілде күні Нидерланд құрамасымен ширек финалда кездесуі мүмкін.

Бұған дейін албаниялық футболшы Мирлинд Доку Сербиямен матчтан кейін жанкүйерлердің «Сербияны өлтіріңдер» деген ұранына қосылып, екі матчқа жазаланған еді.