Шұғыл хабар. Жәнібек Әлімханұлы есінен танып, жекпе-жектен бас тартты

Qaz365.kz редакциясы

Енді 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық қарсыласы Андрей Михайловичпен кездесу алдында есінен танып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке болатын өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды», — деп жазды Talksport.com журналисі, инсайдер Майкл Бенсон Туиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Енді 14 шілде күні Лас-Вегаста (АҚШ) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен кездесу өтпейтін болды.
Бұл кештегі басты айқас жеңіл салмақ өкілдері Раймонд Мураталла - Тевин Фармер арасында өтеді.
WBO және IBF ұйымдарының ресми мәлімдемесі кейіннен шығады.