Евро-2024: Англияның көз жасы, Испанияның жеңісі

Qaz365.kz редакциясы

Англия осымен екінші Евроның финалында есе жіберді

Фото: pixabay

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Финалда Испания Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бірінші таймда есеп ашылмады. Ал екінші кезең басталысымен Испания алға шықты. Оң қапталдағы Дани Карвахальдың ұйымдастырған шабуылын 17 жастағы Ламин Ямаль сәтті өрбіте білді. Ол әріптесі Нико Уильямске нәтижелі пас шығарып берді.
Соңғысы  қақпаны дәл көздеп, матчтағы бірінші голды соқты.

Ойынның 73-минутында англиялық Коул Палмер таразы басын теңестірсе, 86-минутта испаниялық Микель Оярсабаль жеңіс голын соқты.

Осылайша, Испания соңғы 16 жылда үшінші рет құрлықтық додада топ жарып отыр. Жалпы тарихтағы төртінш рет чемпион болды. Сөйтіп жаңа рекорд жаңартты.

Испаниялық жартылай қорғаушы Родри турнирдің үздік ойыншысы атанса, төрт асисист жасаған Ямальға ең жас ойыншы атағы бұйырды.

Англия осымен екінші Евроның финалында есе жіберді. Бұған дейін 2021 жылы Италиядан ұтылған.