Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады
Тайландта күрес түрлерінен U15, U20 жастағы балуандар арасында Азия чемпионаты өтіп жатқан. Ақтөбелік Жаңажол Қуанышбек грек-рим күресінен өз салмағында топ жарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады. Финалда Үндістан балуанын 8:0 есебімен ұтты.
Жалпы 15 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатына 10 салмақ дәрежесі бойынша балуандар аттанды. Жас балуандарды құрлық біріншілігіне Алмат Кебіспаев, Асхат Жаңбыров, Жарқын Тұрсынов сынды бапкерлер бастап барды.