«Ақша керек, бас тарта алмадым»: Қазақ файтері үш сағат бұрын анасы қайтыс болса да жекпе-жекке шықты

Qaz365.kz редакциясы

Спортшы «Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен танымал

Видеодан скриншот

Қазақстандық файтер Ернат Түгелбеков аралас жекпе-жектен Nomad Fighting ұйымдастырған кештің алдында анасы қайтыс болса да, жекпе-жекке шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Балқаш жолбарысы» деген лақап атпен танымал спортшы Ресейден келген Кирилл Самброспен жолықты. Кездесу үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін отандасымыз көз жасына ерік беріп, қайғылы жағдай болғанын айтты. 

«Менімен шыққан қарсыласыма рахметімді айтамын. Бұл жеңісімді анама арнаймын Таңертең анашым Раббысына қайтыпты, жаны жәннатта болсын! Бүгін шыққым келмеген еді. Бірақ бас тартпадым. Ақша керек дегендей… Анашым 7 жыл қатерлі ісікпен күресті. Анашым, сіз осы аурудан жазылып шықсаңыз Меккеге, Дубайға апарамын ба деген ой болған. 7 жыл көрген қиыншылығыңызды ақтаймын деп қыдыртамын ба дегем. Анам қатты ауырды», – деді Ернат Түгелбеков.