Черчесов қазақ тілін үйрену қалай болып жатқанын айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйрену қалай болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.
Осыдан кейін жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков Станислав Черчесовті курсына қабылдаған еді.
«Қазақстан – алып ел, Қазақстан – ар-намысын аяққа таптатпайтын ел. Әрине, барлық жердің өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Бұл күндері біртіндеп сіңісіп келемін, жиі қолданылатын бірнеше сөзді үйреніп алдымен одан әрі үйренемін, бірақ қазақ тілін толық үйреніп кетпейтінім белгілі. Негізгі сөздерді білуім қажет, сондықтан бар күшімді саламын», – дейді Станислав Черчесов «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.