Олимпиада-2024: Қазақ боксшысы Париждегі жатын орнын көрсетті

Qaz365.kz редакциясы

Боксшы қыз алғаш рет Олимпиадаға қатысқалы тұр

Видеодан скриншоттар

Токио Олимпиадасында ең алғаш анти-секс төсек қолданылған еді. Бұл жолы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар да осы әдіске көшіпті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиадаға қатысқалы тұр. Ол бұған таңданысын жасырмаған.

«Бұл мен жататын бөлме. Ең кішкентай, тар бөлме екен. Төсектер картоннан жасалған. Жаныма тағы бір спортшы келіп тұрады. Қазіргі таңда жалғызбын», - дейді Назым Қызайбай.

Айта кетейік, спортшылар жыныстық қатынаспен айналыспау үшін Олимпиадаларда осындай төсек қолданыла бастады. Белгілі болғандай мұндай төсектер егер оның үстінде қатты қимылдамаса, 200 келіге дейінгі салмақты көтере алатын көрінеді.