Қазақстандық теннисшінің орнына өзге спортшы қатысады
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париж олимпиадасына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Олимпиаданың ресми сайтында Рыбакина жеке және аралас жұптық жекпе-жектен шеттетілді. Қазақстандық теннисшінің орнына аустралиялық Дария Сэвил қатысады.
Еске салайық, Елена Рыбакинаның соңғы турнирі Уимблдон болды, онда ол жартылай финалға шығып, сенсациялық түрде чех теннисшісі Барбора Крейчиковадан (әлемнің 10-ракеткасы) жеңіліп қалды - 6:3, 3:6, 4:6.
Бұған дейін Рыбакина Түркияда демалып жатқан фотосы тараған еді.