Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысты

Qaz365.kz редакциясы

Ашылу салтанатына барлығы 6800 атлет қатысты

Видеокадр

Франция астанасы Париж қаласында басталған жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан спортшылары да қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Салтанатты шара басы ел Президенті Эмамуэль Макрон мен ХОК президенді Томас Бахтың қол алысуымен басталды. 

Ал спортшылар шеруі кезінде Қазақстан туын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова алып жүрді.

Спортшылар ашылу салтанатында әдеттегідей стадионда емес, Парижді қақ жарып өтетін Сена өзенінің бойымен қайықпен жүзіп өтті. Ашылу салтанатында 85 қайық, 71 үлкен экран, 170 камера, 2000 артист, 1800 костюм, 1000 дауыс ұлғайтқыш колонка қолданылды.

Ашылу салтанатына барлығы 6800 атлет қатысты. 
 
Айта кетейік, XXXIII жазғы Олимпиада ойындары Франция астанасы – Парижде 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.  Оған әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады. Олардың қатарында 79 отандасымыз бар.

 Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 24 түрі бойынша 90 лицензия еншілеген.