Париж Олимпиадасынан алғашқы жүлде бұйырды

Qaz365.kz редакциясы

Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы 

olympic.kz

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.  

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті – былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.