Сметов үшінші рет Олимпиада қатарынан жартылай финалға шықты

Qaz365.kz редакциясы

Ол ширек финалда тайпейлік Ян Юнвейден басым түсті

Ашық дереккөздерден

Парижде өтіп жатқан Олимпиада Ойындарында Елдос Сметов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол ширек финалда тайпейлік Ян Юнвейден басым түсіп, жартылай финалға шықты. Финалға дейін бір қадам қалды. 

Айта кетейік, Юнвей – Токио олимпиадасының, 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Елдос осылайша үшінші Олимпиаданың жартылай финалына өтті. Бұған дейін 2016 жылғы Рио ойындарының күміс, Токио-2020 олимпиадасының қола жүлде алған.

Ал әйелдер арасында 48 келіде өнер көрсететін Абиба Әбужақынова ширек финалға өтті. Ол тайваньдық қарсыласын небәрі 19 секундта таза жеңді.