Алда жекелей сында бақ сынайды
Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы қола медаль салған Ислам Сәтпаевтың әжесі «Qazaqstan» арнасына сұхбат беріп, қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Жүрегім қуаныштан сыймай бара жатыр. Спортпен неше жылдан бері айналысып келеді. Өзі жарысқа шығар алдында қатты қобалжиды. Алда жекелей сында бақ сынайды. Александра Ле екеуіне бүгін жанкүйер болдық. Немеремнің жеңісін көріп, жылап жібердім», - дейді спортшының әжесі.
Айта кетейік, Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық оқ атудан сайысқа түсіп, Германия құрамасын жеңді.