Елдос Сметов Олимпиаданың финалына шықты

Qaz365.kz редакциясы

Финалда отандасымыз Лука Мхеидземен (Франция) күреседі

Дзюдо күресінен 60 келідегі қазақ балуаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлер арасындағы 60 келі салмақта белдесіп жатқан қазақстандық дзюдошы жартылай финалда 2023 жылғы әлпм чемпионы испаниялық Франсиско Гарригосты жеңді.

Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.

Финалда отандасымыз Лука Мхеидземен (Франция) күреседі. 

Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.

Айта кетейік, Елдос Сметов - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014).