Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды

Qaz365.kz редакциясы

Дзюдо күресінен 60 келідегі қазақ балуаны Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерлер арасындағы 60 келі салмақта белдескен қазақстандық дзюдошы финалда франциялық Лука Мхекидзені жеңді.

Сөйтіп, Қазақстанның Париждегі алғашқы алтыны қоржынға түсті.

Айта кетейік, Елдос Сметов - Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014).