Жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимамен кездесед
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық татами шебері Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта белдесіп жатыр. Бүгін әзірге үш белдесу өткізіп, барлығын жеңді. Алдымен испаниялық Давид Гарсия Торнені қапы қалдырды. Екінші айналымда атақты Оңтүстік Корея өкілі Ан Баулды иппонға түсірді.
Еске сала кететін жайт, Ан Баулды бұған дейін бірде-бір қазақ балуаны жеңе алмаған.
Ал ширек финалда франциялық Валид Хярдың осал тұсын тапты.
Енді жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимамен кездеседі. Жартылай финалдық белдесулер Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының күміс жүлдегері (60 кг, 2021 жыл), ал Валид әлем чемпионатының қола жүлдегері (60 кг, 2023). Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты