Ту ұстаған Асланбек Шымбергенов жеңіліп қалды

Qaz365.kz редакциясы

Отандасымыз 71 келі салмақта жұдырықтасқан

Сали Сабиров

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
 
Отандасымыз 71 келі салмақта жұдырықтасқан. Ол иорданиялық Зейад Йшайшпен кездескен. Алғашқы 2 раундта төрешілер 3:2 есебімен Асланбек басым болды деп санаған. Бірақ үшінші раундта қарсыласы жеңісті жұлып алды.

Сөйтіп, Шымбергенов Олимпиада ойындарын аяқтады. Ол бұған дейін ашуылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққан болатын.