Париж Олимпиадасы: Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Qaz365.kz редакциясы

Бұл Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары

Фото: olympic.kz

Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай бірінші жекпе-жекте италиялық Джордана Соррентиномен жұдырықтасқан болатын.

Алғашқы раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін басымдықты арттырып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.