Ол бүгін 1/8 финалдық кезеңінде тайпейлік Чу Ен Лайды төрешілер шешімі бойынша ұтты
Париж Олимпиадасында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бүгін 1/8 финалдық кезеңінде тайпейлік Чу Ен Лайды төрешілер шешімі бойынша ұтты. Алғашқы екі раундта Базарбайұлы 3:2 есебімен басым түсті. Дегенмен шешуші сәтте төрешілер алқасы Қазақстан боксшысын жеңіске лайық деп тапты.
Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын.
Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді. Отандасымыз ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Лаша Гурулимен (Грузия) кездеседі.