Олимпиада 2024: Қамшыбек Қоңқабаев та елге қайтатын болды

Qaz365.kz редакциясы

Қамшыбек Қоңқабаев бұған дейін 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлде алған еді

Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасына толық құрамда барған бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан тағы бір спортшы жеңіліс тапты. Бұл жолы аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.
Ол 1/8 финалда испаниялық Аюб Гафда Дриссиден төрешілер шешімімен жеңіліп, келесі кезеңге өте алмады.

Қамшыбек Қоңқабаев бұған дейін 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлде алған еді. 
Осылайша, екінші боксшымыз жарысты алғашқы кезеңнен аяқтап отыр. Осының алдында Асланбек Шымбергенов Иордания боксшысы Зейяд Ишаишқа есе жіберген еді.