Париж-2024: бүгін белдескен дзюдошылар алғашқы айналымнан аса алмады

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.

Фото: Сали Сабыров/olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Есмигүл Куюлова Париж Олимпиадасының бірінші кезеңінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде австриялық қарсыласы Любиана Пловесанаға есе жіберді.

Сондай-ақ бүгін 81 келіде белдескен Абылайхан Жұбаназар да алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Айта кетейік, әзірге, қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.