Алғашқы кездесуін жеңген Сәкен Бибосынов Хасонбой Дусматовпен жұдырықтасады

Qaz365.kz редакциясы

Ол бүгін Еуропа чемпионы түрік Самет Күмүшпен кездесті

Тұрар Қазанғапов

Париж олимпиадасында бокстан 51 келіде бақ сынап жатқан қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бүгін Еуропа чемпионы түрік Самет Күмүшпен кездесті. Үш раундта да басымдық танытқан Сәкенге төрешілердің күмәні қалған жоқ.

Енді отандасымыз өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен (Рио олимпиадасының чемпионы) кездеседі.

Айта кетейік, екеуі осыған дейін үш рет жолыққан. Соның екеуінде Дусматов, біреуінде Бибосынов жеңген.

Сәкен- Токио ойындарының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы.