Ол қазақстандық жанкүйерлерден кешірім сұрады
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиада ойындарына қатыса алмауының себебін өзі түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Спортшы видеоүндеу жолдады.
«Құрметті жанкүйерлер, отандастарым! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалдып, өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды», - дейді Елена Рыбакина.
Ол қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміт үшін кешірім сұрады.
«Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс жасағанмын және медаль жеңгім келді. Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін.Барлық отандастарыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін», - деді теннисші.