Ол жарысты ерте аяқтады
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 57 келіде салмақта бақ сынаған қазақстандық Махмұд Сабырхан бірінші айналымда жеңіліс тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол бүгін испаниялық Хосе Бротонс Квилестен жеңілді - 1:4.
Олимпиадада 7 қазақ боксшысының үшеуі - Сабырхан, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Махмұд әлем чемпионы (54 кг, 2023) және күміс жүлдегері (54 кг, 2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ал 26 жастағы Хосе - Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионатының күміс және қола жүлдегері.
Енді испан боксшысы ширек финалда әлем чемпионы (57 кг, 2023), Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы (2018) Абдумалик Халоковпен (Өзбекстан) жұдырықтасады.