Отандасымыз испаниялық боксшыдан жеңілді
Бүгін бокстан Париж Олимпиадасында 57 келіде жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Спортшы кездесуден кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Олимпиаданың бірінші күні болғандықтан білмеймін, ұтылғанды мойындау керек. Бірақ бірінші раундта испаниялыққа 0:5 беріп жіберді (негізі төрешілер тарапына 1:4 есебін жазған – тілші). Бірінші раунд бәрін құртып жіберді. Бірінші раунд өзім жеңгендей болдым, екінші және үшінші раунд... Шынымды айтсам, бірінші раундта алып тұрған едім, соны бергенде жақсы ойнар едім. Екінші раундты да беріп жіберді. Үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым. Бар күшімді салдым», – дейді Махмұд Сабырхан.
Айта кетейік, отандасымыз испаниялық Хосе Бротонс Квилестен жеңілді.