Олимпиада-2024: дзюдошы Нұрлыхан Шархан алғашқы кездесуінде азулы қарсыласын жеңді

Qaz365.kz редакциясы

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда азулы дзюдошымен кездесті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың келесі айналымына өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті. Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды.

Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы – өзбекстандық спортшы Мұзафарбек Тұробаев.