«Киллер секілді». Түркиялық мерген Олимпиада жұлдызына айналды

Qaz365.kz редакциясы

Ол Олимпиада жүлдесін иеленді

Фото: ашық дереккөздерден

Түркиялық мерген Юсуф Дикеч Париж олимпиадасына арнайы линзасыз қатысып, әлеуметтік желіде жұлдызға айналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

51 жастағы Дикеч аралас жұптық сында Севвал Тарханмен бірге 10 метрлік қашықтықтан пневматикалық тапаншамен ату сайысында Олимпиаданың күміс жүлдесін иеленді. 

Өзге қарсыластарымен салыстырғанда, бұл спортшы жарықтан қорғайтын арнайы көзілдірік те, шуды басатын құлаққап та кимеген. Дикечтің құлаққап пен көзілдіріксіз, бір қолына тапанша ұстап, бір қолын қалтасына салып тұрған суреті әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Оқырман қауым оны компьютерлік ойындар мен фильмдердің кейіпкеріне теңеп жатыр. Енді бірі Түркия Олимпиадаға киллер жіберген секілді деген пікірлер қалдырған. 

Айта кетейік, Париждегі төртжылдықтың бас додасы 11 тамыз күні аяқталады.